МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Панфилов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Панфилов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7284) 29-12-91
Есепші бөлімі:
+7(7284) 29-12-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
13
ноябрь
2021

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқыту мен оқытудың
ерекшеліктері
1. Нормативті-құқықтық қамтамасыз ету
Зиялы тұлғаны дамыту, ғылым негіздерін, мәдениет, өнер және тілдерді
тереңдетіп оқыту мен білім беруге бағытталған элитарлы білім беретін
мамандандырылған білім беру ұйымдары келесі нормативтік-құқықтық
құжаттарды басшылыққа алады: ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР МЖМБС-2018,
«Типтік үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығы.
Мамандандырылған білім беру ұйымдары оқу жұмыс жоспарын
мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған типтік оқу жоспарлары
негізінде «Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білім берудің үлгілік типтік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы
4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына сәйкес өздігінен әзірлейді.
332
Мамандандырылған мектептердің оқу жұмыс жоспарлары білім беру
ұйымының басшылығымен бекітіліп, ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылымипрактикалық орталығымен және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы
органдармен келісіледі.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы
24 маусымдағы № 264 бұйрығына сәйкес мамандандырылған білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдауды «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық
орталығы (бұдан әрі – Орталық) конкурстық негізде (бұдан әрі – конкурс)
ұйымдастырып, қабылдайды.
Мамандандырылған білім беру ұйымына түсу үшін конкурсқа қатысу
құжаттарын қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 наурызынан 25 сәуіріне
дейін жүргізіледі.
Мамандандырылған білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен
құжаттарды қабылдау үшін жауапты тұлға тағайындалады. Жауапты тұлға
конкурсқа қатысуға үміткерлердің электрондық базасын құруға
(мамандандырылған білім беру ұйымының атауы, аты-жөні, ЖСН, сыныбы, оқыту
тілі, электрондық мекенжайы, дипломдарының көшірмелері (бар болса) жауапты
болады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткердің ата-анасы/заңды өкілі белгіленген
мерзімде мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында
тіркеуден өтеді немесе мамандандырылған білім беру ұйымына жауапты тұлғаға
келесі құжаттарды ұсынады:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
2) ЖСН (қосымшада) көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің
көшірмесі;
3) үміткердің электрондық мекенжайын көрсете отырып, үміткердің оқу
орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4) үміткердің 3х4 мөлшеріндегі 2 дана фотосуреті.
«Дарын» орталығы оқуға қабылдау үшін конкурсты ұйымдастыру және
өткізуді қамтамасыз ететін конкурстық комиссия құрады.
Конкурстық комиссияның құрамына комиссияның төрағасы, Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы
сапаны қамтамасыз ет
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив