Мұғалімдердің шығармашылығы » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Панфилов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Панфилов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7284) 29-12-91
Есепші бөлімі:
+7(7284) 29-12-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
февраль
2018

Мұғалімдердің шығармашылығы

Панфилов атындағы орта мектеп мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстары.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп – өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуына бағытталған басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттілігін көрсеткен.
2016 – 2017 оқу жылынан бастап республикамызда білім беру мазмұнының жаңа жүйесі бойынша 1 сынып оқушылары оқытылуда.
Білім беру жүйесіне енгізілетін реформа, ең алдымен, оқушыларға сапалы білім беруді, болашақта олардың әлемдік бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуді көздейді. Осыған сәйкес мұғалімдерді жан – жақты даярлау үшін мемлекет бюджетінен тиісті қаражат бөлініп, даярлық курстары ұйымдастырылуда. Біздің мектеп бойынша 8 мұғалім деңгейлік, 10 мұғалім білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасы бойынша 2 мұғалім тренерлік курстарда білімдерін жетілдірді. Мектепте шығармашылық топ құрылып, жоспар бойынша жұмыс жүргізілуде.
Мұғалімдер өздерінің шығармашылығын шыңдау бағытында коучингтер, семинарлар, ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар, ата – ана жиналыстарын жаңа форматта өткізеді. Іс тәжірибесімен алмасу мақсатында аудандық, облыстық байқауларға қатысып келеді.
Мектепте «Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа тәсілдер – білім сапасын көтерудің құралы», «Оқушылардың рухани – адамгершілік дамуына ата – ананың ықпалы» тақырыпта аудандық семинарда мұғалімдер өздерінің шығармашылық жұмыстарын көрсетті.
Мектеп директоры Ю.И.Болгамбаев 2016 жылы Түркістан қаласындағы І Республикалық кәсіби шеберлік форумында «Үздік педагогикалық коллектив – 2016» тақырыбы бойынша І орынды иеленді. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Имангалиева А.И. аудандық «Үздік педагог – 2016» байқауында «Шығармашыл ұстаз» номинациясы бойынша марапатталды.
Биология пәнінің мұғалімі С.А.Суттикожанова аудандық «Үздік Activ Study сабағы 2016» бірінші орынға иеленіп, облыстық байқауда «Жаратылыстану ғылымдар үздік сабағы» номинация және облыстық «Педагогикалық олимп» идеялар мен жобалар байқауында « Үздік педагогикалық жоба» номинациясымен марапатталды.
2017 жылы математика пәнінің мұғалімі Мұсағұл Э.Б. «Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» атты аудандық үздік сыныптар фестивалінде І орынға иеленді.
Алматы қаласындағы 4-5 наурызында өткен «Аналар – асыл жандар!» атты ән – би, қолөнер байқауына технология пәнінің мұғалімі Сейтбекова Ы.К. оқушы дайындап, оқушысы І орын дипломы, өзі алғыс хатпен марапатталды.
1-ші сынып жетекшісі А.К.Мерекебаева «Үздік сынып жетекшісі» атты байқауға қатысты.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері Имандосов Б.К., Джексембаев А.А., «Спорт жұлдыздары» журнал редакция алқасының шешімімен «Дене шынықтыру мен спортты дамытуда қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Ал Жалбенов Е.Ж. «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында өмірдегі белсенділік пен денсаулықты ұштастыра отырып құзіретті тұлға қалыптастыру» тақырыбында ұйымдастырылған дене тәрбиесі пәні бойынша аймақтық семинарға қатысып, мақаласы кітапшада жарияланды.
Сонымен қатар мектеп мұғалімдері интернет желілері арқылы «Геновонд Евразии» орталығы ұйымдастырған «Творческая волна» атты сценарийлер байқауында Джексембаева Н.С., Молдыбаева Ш.Ж., Сейтбекова С.К., Иманбекова Э.Д., Койбагарова Р.Е., Алирахимова А.С., І,ІІ дәрежелі диплом және сертификаттармен марапатталды.
Мектеп мұғалімдерінің жұмыстары БАҚ құралдарында басылып шығады және түрлі интернет-сайттарында жарияланады.

Похожие публикации:

28 февраль 2018 Мектеп әкімшілігі
27 февраль 2018 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив